Инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау жөнінде семинар

Инфекциялардың профилактикасы және инфекциялық бақылау (бұдан әрі-ИПИБ) жөніндегі Ұлттық жоспарды іске асыру аясында және ИПИБ стандарттары мен озық тәжірибелері туралы білім деңгейін арттыру мақсатында 2025 жылы 12 ақпанда ҚР ДСМ СЭБК Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен басқармаларының мамандары онлайн форматта өткен семинарға қатысты, онда ҚДСҰО инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Г.О. Агажаева ИПИБ негізгі компоненттері туралы баяндама жасады.

Семинар барысында өзекті мәселелер, оның ішінде микроорганизмдердің микробқа қарсы төзімділігін тежеу бойынша медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу шараларын іске асыруға ықпал ететін факторлар, ҚР-да микробқа қарсы препараттардың бір мезгілде таралуын ұлттық зерттеу нәтижелері (2023ж.), ИПИБ тиімді бағдарламалары үшін ДДҰ ұсынған негізгі компоненттер, пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсетудің негізгі факторы ретінде қоғамдық және практикалық денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде мультимодальды стратегияларды енгізу, МКБИ профилактикасы талқыланды.

Семинарға 465 маман қатысты.