ИПИБ госпитальдық эпидемиологтары қауымдастығының кездесуі

2025 жылы 12 ақпанда ИПИБ госпитальдық эпидемиологтары қауымдастығының кезекті кездесуі аясында “University Medical Center” корпоративтік қорының эпидемиолог-дәрігері Есенова Дана Қайруллақызы “Хирургиялық жара инфекцияларының алдын алу” тақырыбында баяндама жасады.

Бүгінгі күні ҚДСҰО ұйымдастырған Қоғамдастық алаңы ИАИБ шараларының тиімділігін арттыруға, стандарттар мен озық тәжірибелер туралы білімді тереңдетуге, практик эпидемиологтар арасында тәжірибе алмасуға, еліміздегі медициналық ұйымдарда инновациялық тәсілдерді таратуға, сондай-ақ инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелерін талқылауға ықпал етеді.

Операциялық араласумен байланысты инфекциялардың алдын алу тақырыбының өзектілігі – хирургия бөлімшелеріндегі хирургтар мен мейіргерлердің белсене қатысқан талқылауында болды.

Қазіргі уақытта Қауымдастық чатына 677 қатысушы тіркелген, ал бұл кездесуге клиникалық бөлімшелерден 295 эпидемиолог пен маман қатысты.

Дана Қайруллақызы Есеноваға мазмұнды әрі пайдалы баяндамасы үшін алғыс білдіреміз!

Әрбір маманның үлесі инфекциялық бақылаудың сапасын жақсарту және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды.