2025 жылғы 12 ақпанда Астанада “Қазақстанда микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу: сектораралық ынтымақтастық үшін жетістіктер, сын-тегеуріндер және одан арғы қадамдар” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара жұмысына БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің сарапшылары, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің сарапшылары, бейінді қауымдастықтар және т. б. қатысты.
Іс-шараның мақсаты: ветеринариялық секторда МҚТ эпидемиологиялық қадағалаудың пилоттық бағдарламасының тұжырымдамасын әзірлеу; пилоттық бағдарламаны енгізу үшін басым өңірлерді айқындау; мониторинг үшін негізгі патогендерді таңдау және эпидемиологиялық қадағалау әдістерін айқындау.
Іс-шарада аясында жұқпалы аурулардың алдын алу Департаментінің директоры М.Сұлтанова «Қазақстанда микробқа қарсы төзімділікке эпидемиологиялық қадағалауды іске асыру» тақырыбында баяндама жасап, елдегі микробқа қарсы тұрақтылықтың ағымдағы жағдайын таныстырды.