2025 жылғы 28 қаңтарда «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК-ның Х. Жуматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы филиалының профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының қызметкерлері – м.ғ.к. Досмұхаметов А.Т. және м.ғ.к. Әділгірейұлы З. Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұйымдастырған «2024 жылғы атмосфералық ауа мен суға жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг қорытындылары, бақылау нүктелерін таңдау», «Ауаның ластануының халық денсаулығына әсері, Алматы қаласы мысалында» тақырыбындағы жұмыс кеңесіне қатысты. Бұл іс-шара ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында департамент басшысының орынбасары Қаткенова Г.С. төрайымдылығымен өтті.
Кеңеске сондай-ақ Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының Алматы қалалық филиалы, Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы, Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, «Қазгидромет» РМК және «EcoAlmaty» ЖШС өкілдері қатысты.
Досмұхаметов А.Т. «Ауаның ластануының халық денсаулығына әсері, Алматы қаласы мысалында» тақырыбында баяндама жасады. Барлық қатысушылардың баяндамалары негізінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторингке бақылау нүктелерін таңдаудың негізгі аспектілері, халықтың инфекциялық емес ауруларының себеп-салдарлық байланыстары және ластанған атмосфералық ауаның қала тұрғындарының денсаулығына теріс әсерін бағалау мәселелері талқыланды.
Х. Жуматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы филиалының қызметкерлері бақылау нүктелерін тәрбиелеу және білім беру мекемелері маңында, сондай-ақ тұрғын үй аумақтарында қосымша орналастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аумақтық басқармаларына атмосфералық ауаның ластануы мен халық денсаулығы көрсеткіштері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау жұмыстарын бүкіл қала және аудандық деңгейде жалғастыру ұсынылды.