Биылғы 24 қаңтарда Қазақстандағы АҚШ Колумбия университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқару жүйесін нығайту ICAP-пен бірлесіп, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасы Айжан Есмағамбетованың басшылығымен халықаралық ұйымдармен бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды басқару жүйесін нығайту жөніндегі Үйлестіру кеңесін өткізді.
Кеңес барысында 2025-2026 жылдарға арналған жоспарлар, оның ішінде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ дайындығын арттыру жөніндегі іс-шаралар, стандартты операциялық рәсімдерді әзірлеу және енгізу қажеттілігі, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ-ға ден қою бойынша субұлттық тренерлерді даярлау, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен (ДДҰ, СДС, ЮНИСЕФ) одан әрі ынтымақтастық ету талқыланды.