Бүгін, 23 қаңтарда Шымкент қаласының ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» Еуропалық желісіне қосылу мәселесіне арналған онлайн-кеңес өтті, оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен Гүлнар Сарсенбаева, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасынан Нұрлыбек Асылбеков, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығынан (ҚДСҰО) Айжан Есмағамбетова және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Қазақстандағы Елдік офисінен Лаура Утемисова қатысты.
Кеңестің мақсаты «Салауатты қалалар» қозғалысының негізгі басымдықтарын және оны Шымкентте енгізу перспективаларын талқылау болды. Қозғалыс халық денсаулығын жақсартуға, өмір сүру сапасын жақсартуды және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін жағдайлар жасауға бағытталған.
ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» Еуропалық қозғалысының негізгі бағыттарына мыналар жатады:
• Қоғамдық денсаулықты жақсарту және жұқпалы аурулардың деңгейін төмендету.
• Қауіпсіз және экологиялық таза қалалық ортаны қалыптастыру.
• Тұрақты экологиялық жағдай жасау.
• Әлеуметтік және экономикалық аспектілерді қоса алғанда, қалалық инфрақұрылымды дамыту.
• Қала тұрғындарының өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қозғалыс аясында атқарылатын жұмыстар қауіпсіз және жайлы қалалық ортаны қамтамасыз ету үшін (полиция, экологиялық қадағалау және коммуналдық қызметтерді және тағы басқа да қоса алғанда) ведомствоаралық өзара іс-қимылды көздейді. Жаяу жүргіншілер мен велосипед инфрақұрылымын дамытуға, қоғамдық көлікті, спорт нысандарын дамыту, ауа мен судың ластану деңгейін төмендету
шаралары кіреді.
Кеңеске қатысушылар қозғалысқа қосылу Шымкентке сауықтыру бағдарламаларын орталықсыздандыруға, Денсаулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруға, қала тұрғындарының денсаулық индексін жақсартуға, физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, қозғалысқа қатысу Еуропалық аймақтың 1800 «Сау қалаларының» бірімен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Қаланың қарқынды урбанизация жағдайында бұл бастама халық денсаулығын нығайтуда негізгі рөл атқарады, сондықтан бұл жұмыстың маңызы өте зор.