Штаттан тыс эпидемиологтар мен инфекцияның алдын алу және бақылауға жауапты мамандарға

2025 жылғы 10 қаңтарда штаттан тыс эпидемиологтар мен инфекцияның алдын алу және бақылауға жауапты мамандарға (аурухана эпидемиологтары, инфекциялық бақылау медбикелері, көмекші эпидемиологтар) арналған онлайн кездесу және тренинг өткізілді. Іс-шарада ИПИБ біліктілік клиникаларын құру тұжырымдамасы талқыланды, 2022-2024 жылдардың бағалау нәтижесінде анықталған күшті және әлсіз жақтары қарастырылды, шешім қабылдау және 2025 жылға арналған іс-шараларды жоспарлауды жүзеге асыру үшін IPCAF (ДДҰ) құралын пайдалана отырып, денсаулық сақтау ұйымдарының өзін-өзі бағалауы бойынша тренинг өтті.