Қоғамдық денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайлар бойынша жедел орталықтың Еуропалық аймақтық EOC-NET форумына қатысуы

2024 жылы 4-5 желтоқсанда Түркияның Стамбул қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бойынша жедел орталықтар желісінің (EOC-NET) Еуропалық аймақтық форумы өтіп жатыр. Форумға Қоғамдық денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайлар бойынша жедел орталықтың (ҚДСТЖЖО) директоры Сауран Ердесов және бас маманы Арыстан Балмағаметов қатысады.

Форумның негізгі мақсаты – аймақтық ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибемен бөлісу және ДДҰ Еуропа аймағындағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайындық пен ден қоюды арттыру стратегияларын әзірлеу.

Форум аясында мынадай негізгі мәселелер талқыланады:
1. Алдағы екі жылда EOC-NET-тен күту.
2. Форум құрылымын оңтайландыру, ақпарат алмасу және басқару.
3. Төтенше жағдайларды үйлестірудің ұлттық жүйесін қолдау бастамалары.
4. Қатысушылардың Жаһандық EOC- NET желісінің жұмысына қосқан үлесі.

ҚДСТЖЖО директоры Сауран Ердесов Ауруларды бақылау бойынша жалпыеуропалық желі шеңберінде төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі бірлескен жетекші жұмыс тобы ретінде, сондай-ақ EOC-NET-те ҚДСТЖЖО бойынша байланысатын тұлға ретінде панельдік талқылауға қатысты. Пікірталас тақырыбы “Ақпаратпен бөлісу және тәжірибе алмасу арқылы төтенше жағдайларға ден қою мүмкіндіктерін кеңейту” болды. Талқылауға Ұлыбританияның, Молдованың, ДДҰ Еуропалық аймағының Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің және Еуропа Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының (ECDC) өкілдері қатысты.

Қазақстан делегациясының қатысуы халықаралық байланыстарды нығайтуға, кәсіби қызметті дамытуға және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюдың ұлттық тетіктерін жетілдіруге ықпал етеді.