Қазақстанда тұз тұтынуды азайту

2024 жылы 6 желтоқсанда Астанада ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, “Кодекс Алиментариус” комиссиясы және ДДҰ Елдік офисі ұйымдастырып отырған Қазақстанда тұз тұтынуды азайту жөнінде семинар өтеді. Семинар гибридті форматта (офлайн және онлайн) өткізіледі.
ДДҰ мәліметтері бойынша, Қазақстанда ер адамдардың 100% -дан астамы және әйелдердің 97% – ы тұзды тым көп тұтынады (күніне 17 г дейін), бұл ұсынылған нормадан 3,4 есе артық. Тұзды шамадан тыс артық тұтыну қан қысымын жоғарылатады және жүрек-қан тамыры аурулары мен инсульт қаупін арттырады.
Іс-шара бағдарламасы бойынша тұз тұтынуды азайтуға байланысты өзекті мәселелер мен проблемалар туралы баяндама жасалады, сондай-ақ зерттеулерге шолу жасалып, натрийді шамадан тыс артық тұтынудың жұқпалы емес аурулардың дамуына әсері, рациондағы негізгі натрий көздері, ДДҰ ұсынымдары, үздік халықаралық тәжірибелер және тұз тұтынуды азайтудың негізгі тәсілдері айтылады.
Семинарға Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері мен тамақ өнеркәсібінің өкілдері қатысады.
Өткізілетін күні мен орны: 2024 жылғы 6 желтоқсан, Астана қ., Достық к-сі, 13/3, 8-қабат, акт залы.

Онлайн қатысу үшін Zoom сілтемесіне өтіңіз:
https://who.zoom.us/j/93778847273
Конференция ID: 937 7884 7273
Кіру коды: !WHOsalt24