ESCAIDE: жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы бойынша тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту

2024 жылы 20-22 қараша аралығында Стокгольмде (Швеция) Еуропа Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) ұйымдастырған жыл сайынғы ESCAIDE конференциясы өтті. Бұл конференция ЕО/ЕЭА елдерінде және бүкіл әлемде жұқпалы аурулардың алдын алуға және олармен күресуге арналды. Іс-шараға эпидемиолог, ветеринар, микробиолог, клиницист, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандар және т.б. қоса алғанда, әртүрлі саладағы жүздеген ғалымдар мен мамандар қатысты.

Денсаулық сақтау саласындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталықтың бас маманы Арыстан Балмағамбетов “ҚР-да вакцинациялау бойынша медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арасындағы білімді, қарым-қатынасты және практиканы бағалау” деп аталатын өз зерттеуінің нәтижелерімен таныстырды.ESCAIDE конференциясының мақсаты жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандар арасында ғылыми ынтымақтастықты нығайту болды. Конференцияда жұқпалы аурулармен байланысты өзекті мәселелер талқыланып, оларға мониторинг жүргізудің, алдын алудың және бақылаудың жаңа тәсілдері әзірленді.

Конференция барысында микробқа қарсы төзімділік, климат өзгеруінің жаһандық салдары және пайда болатын инфекциялық қауіптер сияқты сын-қатерлерге арналған жаңа зерттеулер талқыланды, бұл осы проблемаларға қарсы іс-қимылдың тұжырымдамалық және практикалық тәсілдерін дайындауға мүмкіндік берді. Пәнаралық мониторинг стратегияларын әзірлеуге, эпидемиологиялық талдау әдістерін жетілдіруге және аурудың өршуін болжау үшін жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше назар аударылды.

Конференцияға 50-ден астам елдің мамандары қатысты, бұл денсаулық сақтау саласындағы кәсіпқойлар желісін нығайтуға және жаһандық қауіп-қатерге тиімді жауап беру үшін озық тәжірибелермен алмасуға ықпал етті. Микробқа қарсы төзімділік, климат өзгеруінің жаһандық салдары және пайда болатын инфекциялық қауіптер сияқты сын-қатерлер талқыланды.

Жұқпалы аурулармен байланысты дағдарыстарды басқару саласында халықаралық өзара іс-қимылды жақсарту бойынша ұсынымдар қабылданды. Қорытынды нәтижелер ұлттық және халықаралық деңгейде эпидемиологиялық қадағалау жүйелерін реформалаудың стратегиялық бағыттарын қамтыды, бұл болашақ пандемиялық қауіп-қатерлерге дайындықты арттыруы тиіс.