Астанада сарапшылар микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселесінің маңыздылығын және шешу жолдарын талқылады.

2024 жылғы 22 қарашада Астана Медицина университетінде Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттар туралы хабардар ету апталығы (WAAW) аясында “Микробқа қарсы препараттарға төзімділік: ағарту, насихаттау, қазір әрекет ету” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі мәселесін және микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің таралуының алдын алу шаралары туралы халықты хабардар етудің маңыздылығын, Ұлттық зерттеу нәтижелерін талқылады, және басқада  мәселе туралы қоғамның хабардарлығын арттыру және антибиотиктерді қолдануға деген көзқарасты өзгерту қажеттілігі үшін әртүрлі стратегиялар мен бастамалар ұсынылды.

Іс-шарада ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы Ақниет Жарылқасынова “Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі Жол картасын енгізу барысы” атты баяндамасымен сөз сөйледі.

“Жол картасы аясында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жылына екі рет ведомствоаралық үйлестіру тобының жұмыс кеңестерін өткізеді. СЭСМҒПО филиалының бактериологиялық зертханасы Денсаулық сақтау секторындағы микробқа қарсы төзімділік мәселелері бойынша референс-зертхана ретінде айқындалған. Бүгінгі таңда 8 өңірде 14 зертханаға бағалау жүргізілді. 2024 жылдың төртінші тоқсанында тағы екі зертхананы бағалау жоспарлануда. 2025 жылға Қазақстан бойынша алты зертханаға бағалау жүргізу жоспарланған».

Ұйымдастырушы: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы