«Қазақстанда бруцеллездің клиникалық, зертханалық диагностикасының, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың және алдын алудың өзекті мәселелері» атты семинар өткізу туралы

2024 жылдың 12 қарашасында зоонозды және трансмиссивті ауруларды бақылау референс зертханасы «Қазақстанда бруцеллездің клиникалық, зертханалық диагностикасының, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың және алдын алудың өзекті мәселелері» атты гибридті режимдегі семинар өткізді. Семинар ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» филиалдарының аса қауіпті инфекциялар зертханаларының мамандары, Қазақстанның ғалымдары мен жалпы тәжірибе дәрігерлері, клиницистер, эпидемиологтар мен зертхана мамандары үшін ұйымдастырылды. Іс-шараға оффлайн режимде 49 адам,онлайн режимде 120-дан астам адам қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы халқының арасында бруцеллез бойынша эпидемиологиялық ахуал және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың өзекті мәселелері, бруцеллез жағдайын стандартты анықтау, ДДСҰ, СДС ұсынымдары, клиникалық аспектілер, эндемиялық аймақтағы патогенез, клиника және емдеу ерекшеліктері, инфекцияны диагностикалаудың заманауи әдістері, ревматологиялық аурулардың дифференциалды диагностикасы, бруцеллезді зертханалық диагностикалаудың өзекті әдістері, ИФА және ПТР әдістерінің артықшылықтары мәселелері қарастырылды.
СЭСжМҒПО филиалы директорының орынбасары Л. К. Қасабекова, СДС кеңесінің эпидемиологы Е. Бумбуруди, «С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор А.Қ.Дүйсенова, «Вельд» ЖШС жобалар жөніндегі менеджері А.П.Кожанов, Алматы қалалық ревматология орталығының клиникалық пәндер кафедрасының доценті Г.Ш. Тримова, зоонозды және трансмиссивті ауруларды бақылау референс-зертханасы меңгерушісінің м.а. М.К. Бейсенаева, «Диамед Азия Тест» ЖШС биотехнологиялық бақылау бөлімінің меңгерушісі А.М. Набиева өз презентацияларын таныстырып, сөз сөйледі.