Аға мейіргерлердің біліктілігін арттыру: «Дезинфекция -мультирезистентті микрофлораның таралуын тежейтін фактор»

Алматы қаласында 2024 жылы 4-8 қараша аралығында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ) саласындағы өңірлік озық тәжірибелі мектеп мәртебесіне үміткер клиникалардың орталық стерилизациялық бөлімшелерінің аға мейіргерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Оқыту курсы «Дезинфекция -мультирезистентті микрофлораның таралуын тежейтін фактор» білім беру бағдарламасы бойынша өтті.

Курсқа қатысушылар қазіргі заманғы дезинфекциялау және стерильдеу тәсілдері, тұрақты микроорганизмдер тудырған инфекцияларды тежеу жөніндегі шаралар туралы білімдерін шыңдады, медициналық мекемелердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға және көрсетілетін көмектің сапасын жақсартуға ықпал ететін негізгі дезинфекциялау және стерильдеу әдістерімен танысты.

Спикерлер медициналық мекемелердегі дезинфекциялау және стерильдеу стандарттарын жақсартуға бағытталған практикалық ұсынымдармен және өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ұйымдастырушы: ДДҰ техникалық қолдауымен ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.