Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні

Жыл сайын 29 қазанда бүкіл әлемде Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні атап өтіледі. Инсульт әлемдегі сырқаттанушылықтың, өлім-жітімнің және мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Инсульт қаупін азайту үшін қауіп факторларын, сондай-ақ профилактика әдістерін біліп, түсіну қажет. Биыл Астана қаласының №1 көп салалы қалалық ауруханасы, Инсульт мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы “Ашық есік күнін” өткізді. Барлық ниет білдірушілер, оның ішінде аурухана қызметкерлері және ДДҰ елдік офисінің өкілдері іс-шараға қатысып, бейінді мамандардан кеңес алды.

Уақытылы медициналық көмекке жүгіну және тұрақты тексеріліп тұру инсульттің алдын алудың, денсаулықты сақтаудың және ұзақ өмір сүрудің негізгі факторлары екенін есте ұстау керек.