“Микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі шаралар туралы” Жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі кеңес

2024 жылы 22 қазанда ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің базасында гибридті форматта (онлайн және офлайн) өткен “Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған шаралар туралы” Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске ҚР ДСМ СЭБК төрағасы С.Сағынтайқызы, ҚР АШМ ВБҚК “Республикалық ветеринариялық зертхана” ШЖҚ РМК бас директоры Т.Елшібаев, “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Р.Куспеков және ведомствоаралық үйлестіру тобының мүшелері қатысты.

Кеңесте АМР бойынша негізгі проблемалық мәселелер, оларды шешу тәсілдері, сондай-ақ Жол картасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шараларды жоспарлау талқыланды.