Ұлытау облысында салауатты өмір салты мәселелері бойынша өткізілген ақпараттық-түсіндіру семинарлары

В 2024 жылы 10 қыркүйек – 16 қазан аралығында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында денсаулықты сақтау, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, сондай-ақ репродуктивті денсаулықты қорғау мәселелеріне арналған 116 ақпараттық-түсіндіру семинар-тренингі мен дәріс өткізілді, 2 250 адам қамтиылды.

Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушылары, студенттер және медицина қызметкерлері арасында денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтының маңыздылығы, олардың денсаулығын нығайту туралы білім деңгейін арттыру.

Семинар-тренингтерде денсаулықты сақтау, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың, жарақаттанудың алдын алу, психикалық денсаулықтың профилактикасы, дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау, сондай-ақ мінез-құлық факторларының алдын алу, салауатты өмір салты қағидаттары, дене белсенділігі мен спорттың рөлі, ұйқы мен демалудың, тамақтанудың маңыздылығы, сонымен қатар вейптердің, энергетикалық сусындардың зияны, репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңызы, сондай-ақ қажет болған жағдайда кез келген адам жүгіне алатын Жастар денсаулық орталықтары туралы мәселелер талқыланды.

Жалпы білім беретін 16 мектепте 86 семинар өткізілді, оған 5-8 сыныптардың 1614 оқушысы қатысты. 2 колледжде 6 семинар өткізілді, 80 адам қатысты. Сондай-ақ 8 медициналық ұйымда 29 семинар-дәріс өткізілді, оған 400 адам қатысты.

Семинар барысында оқушылар, студенттер және медицина қызметкерлері арасында 772 ақпараттық-танымдық материал (буллингтің алдын алу, кибербиллинг-279, лудомания-240, АПВ алдын алу -300 және егу күнтізбесі бар плакат -4 дана) таратылды.

Денсаулық сақтау мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинар-тренингтері мен дәрістер жалғасуда және Ұлытау облысының ауылдық мектептерін қамту жоспарланып отыр.