Жастар денсаулық орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізу

21-23 қазан аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ӘМСҚ, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі, Салидат Қайырбекова ат. Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы, республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы, ЮНИСЕФ, ЮНФПА өкілдерінен құралған команда Астана қаласы мен Павлодар облысында Жастар денсаулық орталықтарының жұмысына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында Жастар орталықтары жұмысының медициналық көмек көрсету стандарттары мен қағидаларына сәйкестігіне баға берілді, сондай-ақ проблемалық мәселелерді айқындап, оларды шешу жолдары ұсынылды.