Үстіміздегі жылдың 15 қазанында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында “Әкелер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Мақсұтбек Айтмағамбетпен кездесу өтті.
Кездесу барысында ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма төрағасы Айжан Есмағамбетова қоғамдық ұйымдардың профилактикалық шараларды насихаттаудағы және “жақсы әдеттерді” қалыптастырудағы орасан зор рөлін атап өтті және иммундаудың маңыздылығы, egu.kz сайтын танымал етудің маңызы және иммундау мәселелері жөніндегі бірыңғай 7701 call-орталығының рөлі туралы халықты хабардар етуде ынтымақтастық жасауға шақырды.
Тараптар жұқпалы емес аурулармен күрестегі азаматтық қоғамның рөлін және өскелең ұрпақ арасында дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін насихаттау арқылы аурулардың алдын алуға қоғамды кеңінен тарту қажеттілігін талқылады.