Денсаулық сақтау ұйымдарында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау шараларын үйлестіруге және мониторинг жүргізуге жауапты мамандардың әлеуетін арттыру аясында ҚДСҰО ауруханалық эпидемиологтар практиктер қауымдастығының (бұдан әрі – Қауымдастық) ИАИБ шараларының тиімділігін арттыру бойынша кездесулерін ұйымдастыруды жалғастыруда. Қауымдастық ИАИБ стандарттары мен озық тәжірибелері туарлы білімді тереңдету, ИАИБ бойынша іс-шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету бойынша жобаларды әзірлеу және енгізу, тәжірибе алмасу және ел ішінде және медициналық ұйымдар арасында инновацияларды тарату үшін мүмкіндіктер жасау бойынша платформа рөлін атқаруда.
Оылайша, 2024 жылдың 13 қыркүйегінде ИАИБ жөніндегі өңірлік үйлестіруші, Қарағанды облысы бойынша штаттан тыс бас эпидемиолог, денсаулық сақтау магистрі А.К. Темиров «Маймыл шешегінің алдын алу, диагностикалау және ауру кезіндегі эпидемияға қарсы алғашқы шаралар» тақырыбында сөз сөйледі, 2024 жылдың 9 қазанында Өскемен қаласының «Гематология орталығы» ЖШС-нің клиникалық эпидемиологы, Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу сапасы институтының сарапшысы, денсаулық сақтау магистрі Поданев А.С. «Вентилятормен байланысты пневмонияның алдын алу» тақырыбында сөз сөйледі.
Кездесулер барысында әріптестер медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруға қатысты іс-тәжірибеде туындайтын мәселелерді қызу талқылады.
Қазіргі уақытта Қауымдастық чатында 611 қатысушы бар және 150-ден астам эпидемиолог кездесулерге белсенді қатысады..