Инфекциялардың алдын алудың негізгі компоненттерін енгізуді бағалау бойынша Жетісу облысына жұмыс сапары

2024 жылдың 3 қазанынан 4 қазанына дейін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары Жетісу облысында инфекциялардың алдын алу мен инфекциялық бақылаудың ДДСҰ ұсынған негізгі компоненттерін енгізуді бағалау бойынша техникалық сапарда болды.
Сапар барысында «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне консультативтік және әдістемелік көмек көрсетілді.
Сапарға қатысушылар аурухананың жұмысымен танысты, ДДСҰ ұсынымдарының орындалу деңгейін бағалады және алдын алу шараларын одан әрі жақсарту бойынша ұсынымдар берді.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары пациенттер мен персоналдың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін өңірдегі медициналық мекемелерге қолдау көрсетуді жалғастырады.