СЭСжМҒПО филиалынының вирустық инфекцияларды бақылау референс-зертханасында Oxford nanopore технологиясын қолдану арқылы тұмау және SARS-CoV-2 вирустарын секвенирлеудің жаңа әдісі енгізілді

Үстіміздегі жылдың 24 қыркүйегінен бастап 4 қазанына дейін СЭСжМҒПО филиалынының вирустық инфекцияларды бақылау референс-зертханасында Oxford nanopore технологиясын қолдану арқылы тұмау және SARS-CoV-2 вирустарын секвенирлеу бойынша оқу өткізілді. Оқу тренингі ДДСҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесінің және Смородинцев атындағы ҒЗИ (Санкт-Петербург қ.) мамандарының қолдауымен өткізілді. Бағдарлама аясында қатысушылар геномдық қадағалау, ампликонды секвенирлеу, заманауи секвенирлеу технологияларын шолу бойынша дәрістерге қатысты, сондай-ақ нанопоралы секвенирлеу әдістерімен танысты. Практикалық бөлім қатысушыларға тұмау және SARS-CoV-2 вирустарын толық геномдық секвенирлеуді меңгеруге мүмкіндік берді, бұл Қазақстандағы геномдық қадағалау мүмкіндіктерін күшейтеді және аталған технологияны зертхана тәжірибесіне енгізеді.