Денсаулығыңды сақта

2024 жылдың 23 қыркүйегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары Ұлытау облысының №3 жалпы білім беретін мектебінде, Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта және Жезқазған қаласындағы Жоғары политехникалық колледжінде, Сәтбаев қаласындағы Индустриалды колледжде ақпаратты-түсіндіру оқу семинарларын өткізді. Семинарлар денсаулық сақтау, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, сондай-ақ репродуктивті денсаулық сақтау мәселелеріне арналды.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың, ата-аналардың және мұғалімдердің денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын ұстану мен олардың денсаулықтарын нығайтуға ықпал ету маңыздылығы туралы білім деңгейлерін арттыру. Бүкіл оқушылар қауымының денсаулықты сақтауға және нығайтуға ұмтылуы дені сау ұрпақты қалыптастырудың негізі болып табылады.

Семинарлар барысында салауатты өмір салты қағидаттары, дене белсенділігі мен спорттың рөлі, ұйқы мен демалудың, дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, сондай-ақ вейптердің, энергетикалық сусындардың зияны және репродуктивті денсаулықты сақтау, қажет болған жағдайда әркім көмекке жүгіне алатын Жастар денсаулық орталықтары тақырыптары талқыланды. Семинарларға 1300-ден астам адам қатысты.