2024 жылғы 23-24 қыркүйек аралығында ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК ДДҰ елдік кеңсесінің қолдауымен Қарағанды қаласының Облыстық клиникалық аурухана КМК микробиологиялық зертханасына іссапар өткізді. Іссапардың мақсаты микробқа қарсы резистенттілікті қадағалау бойынша эпидемиологиялық қадағалауға қатысуға дайындығын бағалауды жүргізу.
Іссапар аясында жұқпалы аурулардың алдын алу Департаментінің бас маманы А.Е.Жарылқасынова, «СЭСЭМҒПО» филиалының бактериялық инфекциялар мен антибиотикке төзімділікті бақылау жөніндегі Референс-зертханасының маманы Г.Т.Боранбанва, сондай-ақ Қарағанды қаласының «Облыстық клиникалық аурухана» КМК микробиологиялық зертханасының қызметкерлері қатысты.