Итті ұстағаннан кейін қолыңызды жумасаңыз, ауру малдың етін қолдан сатып алсаңыз, үй жануарларыңызда ауру симптомдарын байқамасаңыз, бұл зооноздарға жағдай жасадыңыз дегенді білдіреді.
Зоонозды инфекциялар – бұл жануарлардан адамға берілетін ауру. Оларды вирустарды, бактерияларды, паразиттерді және зеғ саңырауқұлақтарын қосқанда, әртүрлі патогендер тудыруы мүмкін.
Қауіп-қатерлер жоғары топтағыларға мыналар жатады:
● үй жануарларының иелері
● мал өсіретін фермерлер
● ветеринарлар, санитарлық дәрігерлер, эпидемиологтар
● ет кескіштер, аспаздар, тағам технологтары
● инфекция ошақтарына жақын тұратындар
● кішкентай балалар
Балаларды қарапайым және осымен қатар тиімді шаралар қабылдауға: жануарды әр ұстаған сайын қолды сабындап жууға, олардың қиларын тек қолғаппен ғана алуға, жануарды сүймеуге және оны тамаққа, ыдысқа жақындатпауға үйреткен дұрыс.
Ересектер жануардың денсаулығына өте жақсы қарауы керек, оны уақытылы вакцинация жасатуы, таза ұстауы және ветеринарға көрсетіп тұруы тиіс.
Мамандар мен фермерлер барлық санитарлық нормаларды сақтауы, ауру жануарды дұрыс оқшаулауы, оның тіршілік ету өнімдері мен қалдықтарын жоюы қажет. Жануарлар мен адамдар инфекция жұқтырған кезде құзыретті органдарға дереу хабарлаған жөн.
Зоонозды инфекцияның әрбір бұрқ етуі ережелерге немқұрайлы қараудан басталады.
Балаларыңыз бен отбасыларыңыздың денсаулығы сүйікті үй жануарларыңыздың денсаулығына байланысты екенін ұмытпаңыз! ⠀
SAU BOL – бұл зоонозды инфекциялар – жануарлардан адамға берілетін аурулар туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған ақпаратты-білім беру кампаниясы.
Біз балаларыңыз бен бүкіл отбасларыңыз үшін қауіпсіз орта құруға көмек береміз.