Үстіміздегі жылдың 10-12 қыркүйегінде бағдарламаның Қазақстандағы 20 жылдық мерейтойына арналған Қолданбалы эпидемиология бойынша алғашқы өңірлік ғылыми симпозиум өткізілді. Бұл симпозиумға әлемнің 8 елінен 140-тан астам маман қатысты.
Симпозиум барысында расследование вспышек инфекциялық аурулардың бұрқ етуін зерттеу, иммунопрофилактика, ЖОО-лардан кадрлар даярлап шығару және мамандардың дипломнан кейінгі практикасы, денсаулық саласындағы ақпараттандыру және коммуникация сияқты қазіргі таңдағы өзекті мәселелер талқыланды.
3 күн ішінде 15 отырыс өткізілді, олардың барысында 9 постерлі және 40-қа жуық ауызша презентациялар ұсынылды. Бұл бізге ағымдағы жағдайды бағалауға, тәжірибе алмасуға, зоонозды аурулар, микробқа қарсы тұрақтылық, тағам қауіпсіздігі және биологиялық қауіпсіздік, қоршаған орта факторларының әсері проблемаларына сектораралық және мультидисциплинарлық тәсілдерді іске асыру бойынша ортақ міндеттерді түсінуге мүмкіндік берді.
Симпозиум әртүрлі қауіптерге ден қою деңгейінің дамуына және артуына жаңа импульс берді.