2024 жылғы 9-10 қыркүйектен аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДҰ елдік кеңсесімен бірлесіп, 2022-2027 жылдарға арналған “Инфекциялық бақылаудың профилактика және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы” жоспар шеңберінде Қызылорда облысының “Көпсалалы облыстық аурухана” ШЖҚ КМК-да алғашқы бағалау жүргізіп, консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті. Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Ысқақовпен кездесу барысында облыстың медициналық ұйымдарында инфекциялық қауіпсіздікті жақсарту бойынша басым шаралар талқыланды. Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша 98 медицина қызметкерін, оның ішінде Қызылорда қаласының 14 госпитальдық эпидемиологтарын қамтумен семинар өткізілді. Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық мекемеге қауіпсіз медициналық көмек көрсетуді ұстанғаны үшін алғыс айтамыз!