Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің Гигиена және эпидемиология ғылыми орталықтарына жұмыс сапары

2024 жылы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының “Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы” және “Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалдарына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалдарының ағымдағы қызметімен, қол жеткізілген табыстарымен және даму перспективаларымен танысу.
Вице-министр филиалдардың ғалымдарымен және мамандарымен ғылыми-практикалық зерттеулерді іске асыру, антигенді байланыстыратын жасушаларды анықтау сияқты жұқпалы ауруларды диагностикалаудың балама әдістерін әзірлеу, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері, зертханалық зерттеулер мен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу сапасын қамтамасыз ету бойынша медицина қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің органдары мен ұйымдарына және медициналық ұйымдарға бұрқ етпелерді тексеру, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қауіп-қатерлерге уақтылы ден қою үшін тұрақты мониторинг жүргізу мәселелері бойынша ұйымдастыру, әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге ерекше назар аударды.
Тимур Сұлтанғазиев Бірыңғай денсаулық тұжырымдамасы аясында республикада SARS-CoV-2, тұмау, қызылша бойынша геномдық қадағалау, ДДҰ-ның иммундау, тұмауды эпидқадағалау, АМР, ИПИБ және басқа да жаһандық бағдарламаларды іске асыруда филиалдар жүзеге асырып жатқан тапсырмалардың маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар озық технологияларды енгізу және кадрлық әлеуетті нығайтуды қоса алғанда, ары қарай дамудың негізгі бағыттарын айқындады.