2024 жылы 29 тамызда ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2025-2026 жылдарға арналған “Дұрыс тамақтануға жәрдемдесу” жол картасы жобасы шеңберінде өнеркәсіптік өндіріс өнімдері мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тұздың мөлшерін төмендету бойынша ықтимал шараларды талқылауға арналған онлайн-кеңес өткізді.
Талқылауға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, ҚР Білім министрлігінің, “Атамекен” ҚР ҰКП, медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Қазақстан халқы арасында артық салмақ пен семіздіктің таралуы туралы алаңдаушылық туғызатын деректер ұсынылды:
* Қазақстанда 6 жастан 9 жасқа дейінгі балалардың 20,6% – ында артық салмақ бар, бұл балалық шақтағы семіздік мәселесінің қиын екендігін көрсетеді.
* еліміздегі ересек (15 жастан асқан) адамдар арасында артық салмақ пен семіздіктің орташа таралуы, әйелдерде 29,7% және ердерде 33,9% құрайды.
* Семіздік – 2 дәрежелі қант диабетінің, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуының маңызды қауіп факторларының бірі.
Тұзды шамадан тыс тұтыну мәселесіне ерекше назар аударылды. ДДҰ мәліметтері бойынша, 2019 жылы ҚР-дағы ерлердің 100% -ы және әйелдердің 97% -ы тәулігіне 17 г дейін тұз тұтынған, бұл ДДҰ ұсынған нормадан 3,4 есе артық.
ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма төрағасының орынбасары С.А. Назарова баяндама жасады, Қазақстанда өнеркәсіптік өндірілетін өнімдердегі тұздың мөлшерін төмендетудің маңыздылығын атап өтті. Өз баяндамасында ол еліміздегі ағымдағы ахуал туралы деректерді ұсынды және проблеманы шешуге бағытталған тиісті ұлттық іс-шараларды іске асыру перспективасын сипаттап берді.
Кеңестің соңында кеңеске қатысушыларға жол картасы бойынша ұсыныстар жіберуге мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ мүдделі тараптарды тарта отырып, 2025-2026 жылдарға арналған “Дұрыс тамақтануға жәрдемдесу” жол картасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.