ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Сіздерді антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау жөніндегі Дүниежүзілік апталыққа арналған республикалық семинарға қатысуға шақырады.
Семинар 2023 жылғы 4 желтоқсанда ҚР ДСМ, СЭБК, ПІБ, ҚР АШМ, ДДҰ, ФАО, ХЭБ, Астанадағы Назарбаев Университетінің мемлекеттік саясат жоғары мектебі, Приштина университетінің “Hasan Prishtina” Медициналық мектебі және басқалардың қатысуымен гибридті форматта (офлайн және онлайн) өтеді.
Онлайн трансляцияға қол жеткізу үшін семинардың ресми сайтында сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://waaw2023.online/
Сондай-ақ, сіз семинар бағдарламасын және спикерлер туралы ақпаратты ресми сайттан таба аласыз.
Семинар соңында сертификат беріледі.