8 қыркүйек Қазақстан Республикасы халқының «Тілдер күні»

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» (бұдан әрі – мембағдарлама) орындау үшін, мембағдарламаны денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 09 ақпандағы №87 бұйрығының қосымшасына сәйкес ү.ж. 08 қыркүйегі сағат 10.00-де «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 110 жыл толуына орай және Қазақстан Республикасы халқының «Тілдер күні» мерекесіне арналған «Қазақ жазуының тарихы және Қазақ газеті» атты республикалық семинар өткізеді.
Іс-шара өткізудің мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі аясын кеңейтуге атсалысу, қазақ жазуының тарихынан хабардар болу, тіл мәдениетін дамытуға бағытталған тіл саясатын жүргізу, тіл саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.
Іс-шарада талқыланатын мәселелер – қазақ жазуының тарихы, А.Байтұрсынұлының «Қазақ» газетінен жаңадан табылған мақалалары, әліпби ауыстырудың бүгінгі әлеуметтік лингвистикалық мәселелері, қазақ жазуындағы латын графикасының жаңа тарихы.
Бұл іс-шараға ҚР ДСМ ДСБ, СЭБК СЭБД мамандары, денсаулық сақтау саласындағы тіл мамандары, тілтанушы ғалымдар, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, білім, ғылым мекемелерінің мамандары, аудармашылар, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысады.

Күні мен уақыты: 8.09.2023 жылы, сағат: 10:00 -де (Алматы уақыты)
Zoom конференциясына сілтеме бойынша қосылыңыз:
https://us05web.zoom.us/j/82057022965?pwd=UDQBjWSm7qaghN2k8ap9QLJtFi2HHI.1
Конференция идентификаторы: 820 5702 2965
Кіру коды: 6qEM11

Өтетін орны:
Алматы қ., Әуезов көшесі
(қиылысы – Сәтбаев көш.), 84.
Байланыс телефондары:

8(727) 375-94-06; +7 (747) 624 40 20