Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (бұдан әрі – ҚДСҰО) ДДҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесінің қолдауымен “Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы” HBSC 2022 ұлттық зерттеуінің қорытындысы бойынша “Қазақстанның балалары мен жасөспірімдерінің денсаулығы мен әл-ауқаты” атты дөңгелек үстел өткізеді.
Іс-шара 2023 жылғы 27 ақпанда, сағат 14-00-де Park Inn by Radisson Hotel қонақ үйінде Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы 8А мекенжайында орналасқан № 4+5 мәжіліс залының 2-қабатында өтеді.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламентінің сенаторы Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, ДДҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесінің басшысы доктор Скендер Сыла, ДДҰ Басқарма төрағасының м. а. Жанар Қалмақова, ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті басқармасының басшысы Ержан Жиренбай, БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қорының балалық шақты қорғау бағдарламаларының Қазақстандағы үйлестірушісі Азамат Жаманшыұлы, ЮНЕСКО-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін білім және денсаулық жөніндегі кеңесшісі Тигран Епоян және т. б қатысады.
Зерттеу нәтижелері балалардың отбасымен қарым-қатынасы, құрдастарымен қарым-қатынасы, мектепке деген көзқарасы, мұғалімдер мен сыныптастарының қолдауы, өмірге қанағаттану, психикалық әл-ауқат, COVID-19-дың балалар өміріне әсері, тамақтану, физикалық белсенділік, балалардың созылмалы аурулары және мүгедек балалар, репродуктивті денсаулық, темекі және вейптерді шегу, алкоголь мен каннабисті тұтыну, жарақат алу және төбелеске қатысу, буллинг және кибербуллинг, әлеуметтік желілерде онлайн қарым-қатынас сияқты ауқымды мәселелерді қамтиды.
Дөңгелек үстел барысында:
– HBSC зерттеуінің нәтижелері 2022 жылы ұлттық есепте көрсетілген 2018 жылдан бері болған өзгерістер динамикасымен бірге ұсынылады;
– жиналған деректер негізінде ел және өңірлер деңгейінде балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу үшін одан әрі іс-қимылдар талқыланады.
Мектеп оқушылары балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты талқылау және шешім қабылдау процесіне қатысу үшін дөңгелек үстелдің негізгі қатысушылары болады.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді аккредиттеу 27 ақпан сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі.
Қатысу туралы ақпаратты press.ncoz.mz@gmail.com эл. поштасына жолдау, тел.: 954151