ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы эпидемиолог дәрігерлерге арналған «Медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау» тақырыбында бірегей оқыту курсын жалғастырып жатыр, көлемі – 8 кредит, 240 сағат. Мамандандырылған цикл бүгін – 2022 жылы 20 маусымда басталды, цикл аралас форматта (онлайн және офлайн) өтеді.
Оқыту курсын Шеврон компаниясының қаржылық қолдауымен, АҚШ Колумбия университетінің Мэйлман ат. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жанындағы ICAP орталығы филиалының қолдауымен ҚДСҰО ұйымдастырып отыр.
«Бүгінгі таңда бүкіл әлемде, соның ішінде біздің елімізде де денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияның өзектілігі мен маңыздылығы артып келеді. Бұл медицина қызметкерлері тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді, онда госпиталь эпидемиологтары жетекші рөл атқарады», – деді білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚДСҰО Басқарма төрағасының кеңесшісі Бағдат Имашева.
Екі айда курсқа қатысушылар ИАИБ тұрғысынан микробиология негіздері, антибиотикке төзімділік және инфекциялық бақылауда антибиотикпен алдын алу, МКБИ және контагиозды инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау, құрал-саймандар мен медициналық бұйымдарды өңдеу және стерильдеу, су, санитария және гигиена мәселелері, медициналық персоналдың денсаулығын қорғау және т.б. жөніндегі тақырыптарды зерделейтін болады.
Мамандандырылған циклді жүргізетін лекторлар: Қанат Текебаев – ҚДСҰО жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры, Гүлвира Тулешева – ҚДСҰО эпидемиолог-дәрігері, Анна Гончарова – «UMC» КҚ Эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры, Гаухар Ағажаева – «UMC» КҚ Эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас эпидемиологы, Қарлығаш Атаханова – жоғары санаттағы эпидемиолог-дәрігер және т.б.
Алмат Жувашев – ICAP орталығының жоба үйлестірушісі
– Процедураларды талдау халықаралық ұсынымдарға, оның ішінде ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес келеді. Ол жерде біз ұйымнан, эпидемиологтардан кері байланыс алдық. Оқыту циклі халықаралық ИАИБ стандарттарына сәйкес келеді. Ол медициналық ұйымдарда ИАИБ ұйымдастыру бойынша эпидемиологтарға арналған семинар түрінде оңды жалғасын тапты. Осындай іс-шара ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және барлық қатысушыларға жаңа білім алуда жетістіктер тілегіміз келеді.
Б. Имашева тыңдаушылардың осы оқыту цикліне Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2021 ж. күзде жүргізген ситуациялық талдау нәтижелері бойынша қатысатындығын айтып өтті. Сабақ басталар алдында барлық қатысушыларға жемісті еңбек тіледі, әріптестер арасында конструктивті диалог құрып, өзара тиімді іс-қимыл жасауға тілектес екенін білдірді. Сондай-ақ цикл тыңдаушылары Нұр-Сұлтан қ. жетекші ғылыми орталықтар мен клиникаларға барады.