Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының м.а. Жанар Қалмақова ұжымды кәсіби мерекесімен құттықтап, табыс тіледі және қоғамдық денсаулық сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен тағайындаған наградаларды табыс етті.
“Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісімен Ғылым және кәсіби даму бөлімінің басшысы Раисова Қарлығаш Әскерқызы және “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен – Қоғамдық денсаулық сақтаудағы ТЖ жедел орталығының бас маманы Терлікбаева Гүлнар Сайлаубекқызы марапатталды. “Құрмет грамотасын” инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларын мониторингілеу бөлімінің бас маманы Қуаныш Көпжасарұлы Әлімбетов алды.
“Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Құрмет грамотасымен кадр жұмысы бөлімінің жүйелік әкімшісі Олег Дмитриевич Гудыно және кадр жұмысы бөлімінің персоналмен жұмыс істеу жөніндегі бас маманы Диас Бейбітұлы Қожа қызметкерлерінің сіңірген еңбегі атап өтілді.
Сондай – ақ, Нұр – сұлтан қ. филиалы РҚБ «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы құрмет грамотасымен марапатталды: Әбдірова Ботакөз Мнажқызы, инфекциялық аурулар департаментінің бөлім басшысы; Назарова Салтанат Абдықадыровна, салауатты өмір салтын нығайту орталығының басшысы; Дүйсенова Сұлушаш Қайырқызы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас бухгалтері; Асқаров Қуандық Аққалұлы, инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларына мониторинг жүргізу бойынша бөлім басшысы.
Айта кетейік, Қазақстанда медицина қызметкерлері күні жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді. 2022 жылы бұл күн — 19 маусым.