Мемлекет басшысы өз Жолдауында, атап айтқанда, балалар арасында дене белсенділігін дәріптеудің және аз қозғалысты өмір салтын қысқартудың, сондай-ақ дұрыс тамақтану үшін орта құру жөніндегі жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Осыған байланысты, Қазақстан Үкіметі “Дені сау ұлт” ұлттық жобасын іске қосуға бастамашылық етті, оның 4-бағыты Салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамытуды қамтиды. Жоғарыда аталған ұлттық жобаны іске асыру мақсатында 2021 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстанда физикалық белсенділікті танымал ету әлеуетін нығайту бойынша семинар өтті.
Іс-шара дене белсенділігін танымал ету және аз қозғалатын өмір салтын алдын алу бойынша стратегиялық жоспарды әзірлеуде әдіснамалық қолдау көрсету, өңірлерде дене белсенділігін дәріптеудің тәжірибесімен және озық практикасымен бөлісу және т. б. мақсатында өткізілді.
ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы Кэролайн Кларинваль құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, ДДҰ – ның Қазақстандағы Елдік кеңсесінен аға медициналық кеңесші – доктор Омар Салех, Ұлттық үйлестіруші – Лаура Өтемісова және т. б. қатысты.
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дене белсенділігі жөніндегі жұмыс тобының, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Білім секторындағы дене белсенділігі жөніндегі орталықтың, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің, Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасының, Астана медицина университетінің және т. б. өкілдері қатысты.
Семинар барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жанар Қалмақова “Ел деңгейінде таңдалған басымдықтарға шолу” тақырыбында баяндама жасады, онда ҚР-дағы ағымдағы жағдай туралы айтып берді және медициналық қызметкерлерді даярлау үшін жалпы нығайтушы дене белсенділігі бойынша сабақтар курсын қамтитын оқыту бағдарламаларын құруды, дене белсенділігін университеттік бағдарламаларға қосуды, ДДҰ ұсынымдарының және аз қозғалысты өмір салтының алдын алу жөніндегі стратегиялардың негізінде халықтың әртүрлі топтары үшін дене белсенділігі жөніндегі Ұлттық ұсынымдарды әзірлеуді ұсынды.
Семинарды қорытындылай келе, қатысушылар дене белсенділігін арттыру бойынша іс-қимыл жоспарының орындалу мерзімі мен тағайындалған үйлестірушілерді көрсете отырып, негізгі бағыттары мен жобасын анықтады.