2021 жылғы 1 қарашадан бастап ҚДСҰО инфекциялық бақылау қызметкерлері – эпидемиолог дәрігерлерне арналған “Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау (ИАИБ)”тақырыбында оқытуды бастады.
Тыңдаушыларға ҚДСҰО Басқарма төрағасы Қанат Асқаров құттықтау сөз сөйледі, ол осы циклдің маңыздылығын атап өтіп: -“ҚДСҰО жүргізілген дайындық жұмыстары негізінде ҚДСҰО материалдары мен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық талаптары негізінде 2 апта бойы бас дәрігерлерді, орынбасарларды инфекциялар профилактикасы және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша қашықтықтан оқыту форматында оқыту жүргізді. Ұсынылған материалдар инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді деп сенемін”, – деді.
Сондай-ақ, ол материалды табысты игеруді, бірлесіп белсенді талқылауды және инфекциялық бақылау қызметін дамыту үшін дұрыс бағыт қабылдауға ниет білдірді.
ҚДСҰО Басқарма төрағасының кеңесшісі, білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі, б.ғ. д., профессор Бағдат Имашева эпидемиолог дәрігерлерді оқыту 2 кезеңде өтетінін атап өтті. Ұзақтығы 8 кредит болатын бірінші кезең ағымдағы жылдың желтоқсан айының ортасында аяқталады. Оқыту форматы 15 кредитке есептелген және 20 модульден тұрады. Біз 2 жыл және одан да көп жұмыс өтілі бар жас мамандарды шақырдық.
Топқа ҚР практикалық денсаулық сақтау саласының эпидемиологтары енгізілді. Сабақты ҚДСҰО жетекші мамандары жүргізеді: жоғары біліктілік санатты эпидемиолог дәрігер Гаухар Агажаева, гигиенист-эпидемиолог дәрігер, медицина магистрі Анна Гончарова, дәрігер-гигиенист, эпидемиолог, медицина ғылымдарының кандидаты Қанат Текебаев және т. б.