2021 жылғы 10-11 маусымда HBSC зерттеу желісінің онлайн семинарлары өтіп, оған Қзақстан өкілдері – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының зерттеушілері Шынар Абдрахманова мен Әсел Адаева, Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Америка сияқты 49 елден 130-дан астам зерттеуші қатысты.
Ұйымдастырушы – Шотландия, Глазго университеті жанындағы HBSC халықаралық үйлестіру комитеті.
HBSC – жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқатын ұлтаралық зерттеуі (HBSC). Зерттеу келесі мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық/аймақтық және халықаралық деңгейде алынған нәтижелерді пайдалануды қарастырады:
- ұлдар мен қыздардың денсаулығы мен әл-ауқаты туралы жаңа мәліметтер алу
- әлеуметтік денсаулық детерминанттарын түсіну
- ұлдар мен қыздардың өмірін жақсарту үшін негізделген саясат пен тәжірибені дамыту.
Мұндай талдау мектеп базасында әрбір 4 жыл сайын 11, 13 және 15 жастағы жасөспірімдерге арналған сауалнамаларды қолдана отырып жүргізіледі.
2017-2018 оқу жылында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерін қамти отырып, оқушылардың өз денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты мінез-құлқын зерделеу бойынша бірінші ұлттық зерттеу жүргізді. Қазақстан Республикасында сауалнамаға жалпы білім беретін 110 мектептен 6546 оқушы қатысты. Зерттеу Еуропа мен Солтүстік Американың 45 елінде және өңірлерінде жүргізілді.
HBSC нәтижелері әр 4 жыл сайын жиналатын психикалық денсаулық, тамақтану, дене белсенділігі, қауіпті мінез-құлық, оның ішінде теңсіздікті ескере отырып, жас және гендерлік аспектіде Қазақстан жастары бойынша әлеуметтік және мектеп ортасындағы буллинг және кибербуллинг сияқты денсаулық көрсеткіштері бойынша бірегей ұлттық деректердің бағалы көзі болып табылады.
“Біз Қазақстандағы 2021-2022 жылдарға арналған жаңа оқу жылында “Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы” (HBSC) зерттеуінің жаңа раундына дайындықтың ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілерін талқылаудамыз. Бұл мектептермен жұмыс, сауалнама әзірлеу, деректерді жинау әдістері, фокус-топтардағы жұмыс, COVID-19-дың жасөспірімдердің денсаулығы мен әл – ауқатына әсерін зерттеу”, – деді ҚДСҰО Ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Абдрахманова.
Ұлттық есептің деректерімен (HBSC) ҚДСҰО-ның сайтында https://hls.kz/nauchnye-fakty, сондай-ақ ДДҰ-ның Еуропалық Денсаулық сақтау ақпараттық порталында https://gateway.euro.who.int/ru/datasets/hbsc танысуға болады.