2021 жылы 16 наурызда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқармасының төрағасы Жәмила Баттакованың төрағалық етуімен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа тәсілдері бойынша 2022-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» тұжырымдамасының жобасын талқылау және жобаның Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде онлайн-кеңес өтті.
Кеңесті ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – ҚР әрбір азаматының денсаулық сақтауға, сапалы және ұзақ өмір сүруге қол жеткізуін қамтамасыз ету, денсаулық пайдасына таңдау жасау үшін халықтың менталитетін өзгерту, халықтың денсаулығын нығайтуда ҚР мемлекеттік құрылымдарының, қоғамдық қорларының, қауымдастықтарының, үкіметтік емес ұйымдарының барлық деңгейлерде идеологиялық жұмысты ойдағыдай жүргізу және сектораралық өзара іс-қимыл жасау.
Жәмила Баттакова ҚДСҰО және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа тәсілдері бойынша 2022-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» тұжырымдамасымен таныстырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстанның 2025 жылға дейін Ұлттық даму жоспары бекітілгенін, №1 міндет салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылатынын айта кету керек.
Ұлттық жобаны және Іс-шаралар жоспарын талқылауға қатысқандар: медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақ Тағамтану академиясының Президенті Төрегелді Шарманов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Республикалық медицина палатасы» АҚ Басқармасының төрағасы Мақсұт Күлжанов, медицина ғылымдарының кандидаты, Ұлттық медицина қауымдастығының құрметті мүшесі, ҚДСҰО Бақылау кеңесінің мүшесі Талапқали Ізмұхамбетов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының Президенті Төлебай Рақыпбеков, «Диабеттік ағарту қоры» ҚҚ атқарушы директоры Наталья Тукалевская, медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық Медицина қауымдастығы» РАҚ президенті Айжан Садықова, «Темекісіз» ҚҚ директоры Жәмила Садықова және т.б.
Жобаны таныстыру барысында Жәмила Баттакова Тұжырымдаманың мынандай негізгі басты бағыттарын көрсетті: дұрыс тамақтану, темекі шегуді және ішімдік ішуді азайту, дене белсенділігін және денсаулық сақтауды дамыту, психикалық және репродуктивті денсаулықты сақтау, жарақат алуды азайту, әлеуметтік желілер арқылы халықты денсаулық сақтауға шақыру, ҮЕҰ-ға көмек көрсету, іс-шараларды МСАК деңгейінде жетілдіру, денскаулық сақтау бағдарламаларын және эпидқадағалауды енгізу.
2025 жылға қарай күтілетін нәтижелер: азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру, салауатты өмір салтын жүргізетін азаматтар үлесін 5%-ға дейін ұлғайту, жұқпалы емес ауруларды 7%-ға дейін төмендету, халықтың денсаулық сақтау саласындағы сауаттылығын арттыру – 70 %, артық салмағы бар және семіздікке шалдыққан балалар үлесін төмендету – 10%, тұзды тұтынуды тәулігіне 5 грамға дейін азайту және т.б.
Кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасында Салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа тәсілдерін дәріптеу бойынша Ұлттық жоба тұжырымдамасына өздерінің ұсыныстарын енгізді.
Кездесу соңында Жәмила Баттакова барлық қатысушыларға кеңеске қатысып, Жобаны белсене талқылағаны үшін алғыс айтты.