2021 жылы 27 қаңтарда ҚР-да ҚДСҰО мен Мэйлман ат. Колумбия университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жанындағы ICAP арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
ICAP орталығы – денсаулық сақтау жүйелерін күшейту, оның ішінде медицина қызметкерлерін оқыту мәселелері, денсаулық сақтау саласындағы инновациялық тәсілдерді әзірлеу және практикаға енгізу бойынша әлемнің 30-дан астам елінде Денсаулық сақтау министрліктеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсететін ірі халықаралық ұйымдардың бірі.
Құжатқа қол қою Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлерінің инфекцияларға қарсы күрестің қазіргі заманғы сын-қатерлеріне әзірлігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Меморандумның мақсаты – практикалық денсаулық сақтауға көмек көрсету, медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау бағдарламаларының барлық компоненттерін жақсарту және инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі шараларды үйлестіру үшін ҚДСҰО әлеуетін арттыру.
Қол қойылған Меморандум аясында Тараптар мынандай бағыттарда өзара іс-қимыл жасауға ниетті:
– ДДСҰ материалдары және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық талаптары негізінде инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша медперсонал мен медициналық мекемелердің басшыларын бірлесіп оқыту, оқығандығы жөнінде ҚДСҰО сертификатын беру.
– ҚДСҰО базасында инфекциялық бақылау жөніндегі консультациялық кеңес құру, сондай-ақ еліміздің 17 өңірінде түрлі деңгейдегі медициналық мекемелерде инфекциялық бақылау жүйесінің негізгі компоненттерінің ағымдағы жай-күйіне бағалау жүргізу. Бағалау нәтижелері бойынша Қазақстанда инфекциялық бақылау бағдарламаларын мониторингілеу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.
– Жұматов ат. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы базасында құрылған медициналық көмек көрсетумен және инфекциялық бақылаумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі Үйлестіру орталығының әлеуетін күшейту.
– медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды мониторингілеу бойынша ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу.
Қатысушылар тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдіріп, Меморандум міндеттерін іске асыруда бір-біріне алдағы жұмыстарына табыс тіледі.