ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде халықаралық және ұлттық регламенттерді қолдану» атты халықаралық онлайн – тренингке қатысуға шақырады.
2020 жылы 25-27 қараша аралығында Федералдық қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік министрлігінің (BMU) қаржылық қолдауымен, Қазақстандағы БҰҰДБ-мен және «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығы» ҚҚ-мен бірлесіп осы тренингті өткізеді.
Іс-шара Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінде, сондай-ақ Еуропалық Одақпен көршілес орналасқан басқа да елдерде қоршаған ортаны қорғауға арналған Консультациялық көмек бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Оқыту курсын халықаралық сарапшылар жүргізеді: Халида Хамидулина – Рестұтынуқадағалау «Ресейлік ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар тіркелімі» ФБДСМ директоры, Насима Жүнісова – «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бөлім басшысы, Вера Мустафина – СУР орталығының атқарушы директоры, Татьяна Гомолко – Минск қаласындағы «Гигиена ғылыми-практикалық орталығы» республикалық біртұтас кәсіпорнының ғылыми қызметкері және т.б.
Сарапшылар 041/2017 ЕАЭО ТР және екінші деңгейдегі құжаттар талаптарын іске асыру үшін химиялық өнімді түгендеу жөнінде баяндама жасайды, сондай-ақ жіктеу және таңбалау тәртібін айтады.
Тренинг мақсаты: өнеркәсіп өкілдерін оқыту және 041/2017 «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР ережелері мен екінші деңгейдегі құжаттардың күшіне енуі жөнінде мемлекеттік органдардың хабардар болу деңгейін арттыру.
Тренингке қатысушыларға дөңгелек үстел аясында химиялық заттарды басқару бойынша Ұлттық бейіндегі жобаны талқылауға мүмкіндік беріледі.
Жаңартылған Ұлттық бейін елімізде химиялық заттарға байланысты қандай проблемалар бар екенін және оларды шешудің қандай қолжетімді тетіктері бар екенін түсінуге ықпал етеді.