Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (бұдан әрі – ҚДСҰО) короновирус инфекциясы кезінде Оперативті орталықтардың жұмысында бағдарламалық қамтамасыз етуді игеру мақсатында «COVID-19 кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету және Оперативті орталықтардың жұмысы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізуді жалғастыруда
.
Ағымдағы жылдың 27-31 қазан аралығында ҚДСҰО Атырау қаласының Денсаулық сақтау басқармасының Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің Оперативті орталығының қызметкерлерін және Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының» дәрігерін оқытты.
Оқыту барысында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға және басқа елдерде COVID – 19 таралуына талдау жасалды. Республикада COVID – 19 індеті жағдайын күнделікті жинау, өңдеу және мониторингілеу, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарды тіркеу цикл тыңдаушыларына өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамын жасауға мүмкіндік берді.
ҚДСҰО дәріскерлері деректерді жинау процестерін жеделдету, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы күресте ары қарай шешім қабылдау үшін оперативті орталықтардың жұмысында цифрландырудың маңыздылығы туралы айтты.
Тыңдаушыларға деректерді енгізуді, есеп беру нысандарын салуды, қарапайым және аралас диаграммаларды құруды және оларды Power Point-те ресімдеуді үйретті.
Оқыту нәтижесінде әрбір тыңдаушы R және R Studio бағдарламасын меңгерді, бұл оларға өңірдің эпидемиологиялық ахуал паспортына күн сайын өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Курс соңында тыңдаушыларға «Қоғамдық денсаулық сақтау бағыты бойынша біліктілікті арттыру туралы куәліктер табыс етілді.