ҚДСҰО Петропавл қаласының №3 қалалық емханасының қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсын өткізді

 

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (бұдан әрі – ҚДСҰО) 21-25 қазан аралығында Петропавл қаласының №3 қалалық емханасының қызметкерлері үшін «COVID19 коронавирус инфекциясының эпидемиологиясы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Мақсаты – короновирус инфекциясы кезінде ұйымдастыру әдістемелік бөлімі басшылығының жұмысында бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру және игеру.

Оқыту барысында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға және басқа елдерде COVID – 19 таралуына талдау жасалды. Республикада COVID – 19 індеті жағдайын күнделікті жинау, өңдеу және мониторингілеу, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарды тіркеу цикл тыңдаушыларына өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамын жасауға мүмкіндік берді.

ҚДСҰО дәріскерлері деректерді жинау процестерін жеделдету, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы күресте ары қарай шешім қабылдау  үшін цифрландырудың маңыздылығы туралы айтты.

Оқыту нәтижесінде әрбір тыңдаушы R және R Studio бағдарламасын меңгерді, бұл оларға учаскелер мен емханадағы эпидемиологиялық ахуал туралы деректерді күнделікті жаңартуға мүмкіндік береді.

Курс соңында тыңдаушыларға «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейірбике ісі» бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы куәліктер табыс етілді.