ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодекс жобасы бойынша медиапланмен жоспарланған іс-шаралар аясында өткізеді.
Іс –шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, жасөспірімдер мен студенттер қатысады.
Дөңгелек үстел барысында темекі өнімдерінің жаңа түрлерін шектеу бойынша “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодекстің жаңа жобасына өзгерістер енгізуді талқылау, никотині бар өнімдердің жаңа түрлері (темекіні қыздыру жүйесі, никотинді жеткізудің электрондық құралдары), сондай-ақ алкоголь тәуелділігі туралы халықты ақпараттандыру, өскелең ұрпақ арасында орын алып отырған проблемаларды анықтау және шешімдер әзірлеу.