Бүгін Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардар болу күні шеңберінде онколог-маммолог мамандардың қатысуымен профессорлық-оқытушы құрам мен студенттерге тегін консультациялар беріліп, көшпелі қарап тексерулер жүргізілді. Бұл күнді өткізудің мақсаты – халықтың осы аурудың алдын алу тәсілдері мен ерте анықтау туралы хабардар болуын жоғарылату болып табылады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы болды.
Іс-шараға белгілі қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова қатысты. «Мен сән әлеміне келгелі бері өз денсаулығын күтіп қарап, денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын сау адам – ол сұлу адам екендігін түсіндім, өйткені «денсаулық» және «сұлулық» ұғымдары біртұтас. Мен бүгінгі көшпелі іс-шара үшін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына шынайы алғысымды білдіремін, өйткені мамандардың консультациялары мен медициналық қарап-тексеру аурулардың, әсіресе онкологиялық аурулардың алдын алып, оларды ескерту үшін маңызды. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, мен өз құрбы-құрдастарыма, сіңлілеріме – болашақ аналарға өз денсаулығын сақтауға кеңес берер едім, өйткені ананың денсаулығы – ол бүкіл ұлтымыздың денсаулығы», – деді Құралай Заманбекқызы.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша, сүт безі обырымен сырқаттану онкологиялық аурулардың жалпы құрылымында бірінші орында тұр. Оның үлесі – 13,8%-ды құрайды.
Сүт безі обырымен қарсы күресудің іргетасы оны ерте анықтау болып табылады. Қазақстанда маммографиядан өту жасын 40-тан 70 жасқа дейін ұлғайтқанын атап өткен жөн және скринингтік тексерулерден кез-келген емханадан өтуге болады.