10 қазан – Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні – қоғамға психикалық денсаулық мәселелері туралы ескертіп, психикалық денсаулықты нығайтуды қолдауға күш-жігерді жандандыру үшін жақсы себеп.
Жақсы психикалық денсаулық адамның психикалық және психологиялық саулығы арқылы анықталады.
«Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы, (Health behavior in school-aged children, HBSC)» атты ҚДСҰО зерттеуінің нәтижелері 11-15 жастағы әрбір бесінші қазақстандық жасөспірімде күйзеліс белгілері бар екенін көрсетті.
Зерттеу нәтижелеріне жүргізілген талдау көрсеткендей, күніне 60 минут және одан көп физикалық белсенді болу және теледидар мен басқа да құрылғыларды қарау уақытын шектеу ұлттық мәнмәтінде жасөспірімдердің нашар психикалық денсаулығының қорғаныс факторы болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру физикалық белсенділікті арттыру және түрлі құрылғылар алдында өткізетін уақытты шектеу аспектілерін қосуды қажет етеді.