Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімі өткізілді.
Өз әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, Орталық директоры Уәлихан Ахметов былай деді: «Конституция – біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі, әр азаматтың құқықтары мен бостандығының кепілі! Сіздерге және жақындарыңызға шын жүректен аман-саулық, бақыт және мол табыстар тілеймін!». Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уәлихан Ахметов Насима Ахашқызы Жүнісоваға және Думан Абылайұлы Әкімхановқа құрмет грамоталарын ұсынды, сондай-ақ кәсіподақ жұмысына белсене ат салысқаны үшін Гүлмира Асқарқызы Өтепова мен Гүлнұр Сайлаубекқызы Терлікбаева «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» АҚБ Астана филиалы төрағасының м.а. – Болат Аяпбергенұлы Китаровтан грамоталар алды.