Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) бірлесе отырып, «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» (ДНЫМ) жобасының шеңберінде 2019 жылдың 19-нан 23 тамызы аралығында Шымкент қаласының 17 мектебі және Түркістан облысының 99 мектебінде техникалық консультация жүргізуде.
Іс-шараны ұйымдастыруға Қоғамдық денсаулық сақтау аумақтық департаменттері және Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімшіліктерінің Білім басқармалары қатысты.
Консультация барысында мектеп басшылары үшін мамандар Еуропа елдеріндегі алғы тәжірибені ескере отырып, тиімділігі дәлелденген мектептерде денсаулықты нығайту және денсаулыққа деген жалпымектептік амал-тәсіл жасау қағидаттарын түсіндірді, сондай-ақ жобаны іске асыру құралдарын қолдану бойынша әдістемелік қолдау көрсетті.
Техникалық консультацияға мектеп директорлары, жоба үйлестірушілері және ДНЫМ жобасын енгізу бойынша жұмыс топтары қатысты, олар жекелеген мектептердің іс-шаралар жоспарын ұсынып, таныстырды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында «Денсаулыққа қатысты мектеп жасындағы балалардың тәлімі» (HBSC), Бала жасындағы семіздікті қадағалау жөніндегі Еуропалық ДДҰ бастамасы (COSI), ДНЫМ пилоттық жобасы бойынша Қазақстанда 2016-2017 жылдары жүргізілген ұлттық зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Қатысушылар Schools for Health Мектеп басшылығымен танысты.
Жоба қатысушылары жалпымектептік амал-тәсіл жасау әдістеріне ерекше қызығушылық танытып, оны талқылауға айрықша ынта-ықыласпен қатысты. Жеке Қоғамдық денсаулық сақтау аумақтық департаменттері жалпы білім беру үрдістеріне мектеп қоғамдастығын және басқа да ведомстволарды белсенді тарта отырып, өңірдегі жалпымектептік ұстанымның қағидаттарын қарқынды түрде ілгерілетіп жатқанын айта кету керек.