Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы барлық Қазақстан жастарын Халықаралық жастар күнімен құттықтайды!
2019 жылды Елбасының Жастар жылы деп жариялағаны бекер емес. Жастар – біздің болашағымыз.
Қызмет бағытының бірі – жастардың денсаулығын сақтау және нығайту болып табылатын Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жастарды өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына мұқият қарауға шақырады.
Жас кезінен репродуктивтік денсаулықты күту болашақта толыққанды өмір сүруге ықпал етеді. Бүгінгі таңда жасөспірімдердің салауатты өмір салты, денсаулықты қорғау және нығайту туралы білімі жеткіліксіз деңгейде. Олардың контрацепция мәселелері, АИТВ, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттануы жеткіліксіз. Көп жағдайларда, ата-аналар өз балаларымен есею кезеңіндегі мәселелерді талқылауға дайын емес және қандай ақпарат беретінін біле бермейді. Жасөспірімдер ақпаратты сенімсіз көздерден алады – таныстарынан, достарынан, кездейсоқ әңгімелерден.
Бүгінгі күні жастар Жастар денсаулық орталықтарына жүгінуіне болады, ол жерде жасөспірімдер барлық қызықтыратын сұрақтары бойынша еріктілік, қолжетімділік және сенімділік қағидаттарында медициналық, әлеуметтік және психологиялық консультацияларды тегін және құпия түрде ала алады.
ҚДСҰО @uyatemes.kz жобасының авторы Қарлығаш Қабатовамен жастар мен жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы мен құқықтарын, жыныстық тәрбие мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру мақсатында тығыз жұмыс істейді. Жыл сайын репродуктивтік денсаулық тақырыбы өзекті бола түсуде. Репродуктивтік денсаулықты жас кезінен күту қажет. Жастар мен жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда жыныстық білім маңызды рөл атқарады, бұл қаламаған жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен олардың салдарын азайтуға көмектеседі.