Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 10 тамызда сағ. 16:30-да астана тұрғындары мен қонақтарын сауықтыру жаттығуын жасауға MEGA Silk WayСОО-ға шақырады

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы осы сенбі, 10 тамыз күні сағат 16:30-да астана тұрғындары мен қонақтарын оқыту шеберлік сыныбымен сауықтыру жаттығуын жасауға MEGA Silk Way Сауда ойын-сауық орталығына шақырады.
Сертификатталған нұсқаушы-жаттықтырушылар, кикбоксингтен спорт шеберіне кандидат Нұрсұлтан Сейілханұлы және Баяков Мұхаммед барлық ниет білдіргендерге денсаулықты сақтау үшін жаттығуды күнделікті ырғаққа қосуды және жаттығуды қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп үйретеді.
Денсаулығыңыз 50%-ға сіздің күнделікті әдеттеріңізге байланысты екендігін ұмытпаңыз. Жаттығулар ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру, қан айналымын және бұлшықеттер мен сіңірлердің икемділігін жақсарту үшін қажет.