ҚР ДСМ ҚДСҰО жастар мен жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулық және құқықтары, жыныстық тәрбиеге қатысты сауаттылығын бірлесіп жоғарылату үшін @uyatemes.kz жобасының авторы Қарлығаш Қабатовамен Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Жыл сайын Қазақстан контекстіндегі репродуктивтік денсаулық тақырыбы өзекті болуда, және репродуктивтік денсаулықты жастайынан сақтау қажет, себебі оның салдарымен күресу өте күрделі, шығынды және ұзақ уақытты қажет етеді. Жыныстық тәрбие жастар мен жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық машықтарын дамытуда және қолдануда негізгі рөл атқарады, бұл жоспарланбаған жүктілікті, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар санын және олардың салдарын төмендетуге ықпалдасады. Камила Тұяқаева және Зарина Керуенова @uyatemes.kz жобасының авторы Қарлығаш Қабатовамен жемісті ынтымақтастық жасау үшін бірқатар түйткілді мәселелерді талқылады. Өйткені, уақытылы ұсынылған нақты және қолжетімді ақпарат жастарды есею кезеңінде кездесетін көптеген қиыншылықтардан сақтай алады.