Астанадан Арысқа консультациялық және практикалық көмек көрсету мақсатында келген медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекеновтың айтуынша, тұрғындар арасында инфекциялық ауруларды болдырмау мақсатында санитариялық дәрігерлер тарапынан санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынды, алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Судың талдау үшін алынған үлгілері қалыпты. Үй аулаларын аралау барысында бұзылған тамақтар алынып, аулалар зарарсыздандырылуда. Дүкендерде де бұзылған азық-түлік алынуда.
Жұмабек Бекенов, Шымкент қаласы Обаға қарсы станциясының, М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының, Арыс ауданы ветеринарлық қызметінің өкілдерімен жарылыс аймағындағы сібір жарасы мал қорымы зерттелгенін, нысандар қанағаттанарлық жағдайда екенін атап өтті.
«Одан басқа, біз санитариялық-гигиеналық жағдайлы талдау және қала тұрғындарының денсаулығын сақтау бойынша алдын алу шаралар ұйымдастыру үшін медицина ұйымдарын, зертханаларды, эвакопунктерді, адам көп шоғырланған орындарды араладық», – дейді профессор.
Жұқпалы аурулардың әлеуетті көздерін залалсыздандыр бойынша жұмыстар жалғасуда.